мақалалар

ҚҰПИЯ ДЕМЕУШІ

Қазақ эстрадасындағы белгілі әншілердің бірі кеңсемізге келіп өз еркімен ардагерлерге азық-түлік пен өзге де қажетті тұрмыстық заттарды әкеліп табыстады. Қайырымды істерді жиі жасайтын азамат есімінің құпия болып қалуын сұрады. Ол бейбіт өмір сыйлаған жандарға тәтті тоқаштар мен кәмпиттер, сондай-ақ ұн, арпа, картоп, май, ыдыс жуатын құралдар, тіпті аяқ киімдер мен шұлықтарды арнайы сатып алған. Нарықтық заманда мұндай іске екі адамның бірі бара бермейтіндігі анық. Ал біз өз тарапымыздан құпия демеушіге алғысымызды білдіреміз! Мереке қарсағында осындай сыйлықтар алған майдангерлер де еңюектерінің еленгеніне дұп риза.
Жаңалықтар