мақалалар

Ардагерге құрмет!

1 Қазан – Халықаралық қарттар күні қарсаңында «Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары» қоғамдық қорының ерікті мүшелері, Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі және Алматы көпсалалы колледжінің белсенді студенттері мен Талғар аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесі қызметкерлері және Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Т.Әубәкіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоғарғы сынып оқушылары, қызметкерлері Алматы қаласындағы және Алматы облысы Талғар ауданы, Еңбекшіқазақ аудандарында тұратын ардагерлерге қамқорлық көрсету мақсатында Ұлы Отан соғысының ардагерлері және Тыл еңбек ардагерлерінің үйлеріне барып, ардагерлермен сұхбаттасып, азық – түлік себетін табыстап, 1 Қазан – Халықаралық қарттар күнімен құттықтап қайтты.

Олар қариялардың сұрапыл соғысқа қатысып, келер ұрпаққа бейбіт өмір мен ашық аспан сыйлағаны үшін зор ықыластарын білдіріп, алғыстарын айтты.

«Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары» қоғамдық қорының мақсаты ардагерлерге көмек көрсету, олардың түйткілді мәселелерін шешуге көмектесу.

Қоғамдық қор мұндай шараларды жиі ұйымдастырып тұрады, ерікті белсенділеріміз ардагерлерге көмек қолын созып, ардагер апаларымыз бен аталарымызға әрдайым қолұшын беріп, көмектесіп қайтады.

Бұл ұйымның мақсаты ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсету.
Жаңалықтар Еріктілер Есептер