мақалалар

Ақпарат

2019 жылдың 02 сәуір күні «Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары» қоғамдық қорының ерікті мүшелері, Алматы университетінің белсенді студенттері Ардагерлерге қамқорлық көрсету мақсатында Ұлы Отан соғысының ардагерлері және Тыл еңбек ардагерлері Жукова Ольга Константиновна, Федина Капиталина Васильевна, Дунаева Тамара Пантелеевна, Архипова Анастасия Павловна, Ишмухамедов Абдрахман, Трофимова Зоя Тимофеевна, Абжанов Бахыткали, Жетписбаева Асма Сейсенбековнаның үйлеріне барып, ардагерлермен сұхбаттасып, азық – түлік себетін табыстап қайтты.

Олар қарияларың сұрапыл соғысқа қатысып, келер ұрпаққа бейбіт өмір мен ашық аспан сыйлағаны үшін зор ықыластарын білдіріп, алғыстарын айтты.

«Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары» қоғамдық қорының мақсаты ардагерлерге көмек көрсету, олардың түйткілді мәселелерін шешуге көмектесу. Қоғамдық қор мұндай шараларды жиі ұйымдастырып тұрады, ерікті белсенділеріміз ардагерлерге көмек қолын созып, ардагер апаларымыз бен аталарымызға әрдайым қолұшын беріп, көмектесіп қайтады. Бұл ұйымның мақсаты ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсету.

Ержүрек ата — апаларымыздың арқасында, міне, бүгін тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Осындай ізгі іс — шаралар жиі-жиі өткізіліп, қамкөңіл қарттардың көңілдерін қуанышқа толтырып жатса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Жаңалықтар Еріктілер