мақалалар

Құрбан айт

Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен соғыс балаларының кеңесі" қоғамдық қоры Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмек көрсетумен айналысатын қайырымдылық коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Біздің қоғамдық қорымыздың қамқорлығында 600-ден астам ардагер мен тыл еңбеккерлері бар. Біздің қор, ардагерлердің денсаулығын сақтауды, қаржылық және тұрмыстық қолдауды қамтамасыз етуге және рухани дамуға көмектесуге тырысады. Сондай-ақ, қанды соғыста шайқасқан және болашақ ұрпақтың игілігі үшін фашизмді жеңген батырлардың лайықты өмірі үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтыламыз!

Көптеген жылдар бойы біздің қоғамдық қорымыз Құрбан айт мерекесіне ардагерлерге етпен қамтылған көмек көрсетуде. Жыл сайын мешіттер бізге қайырымдылық ретінде құрбанға шалынған малдың етін әкеледі. Оны біз имамдармен бірге мұқтаж ардагерлерге таратамыз. Бірақ, осы жылы коронавирус пандемиясының кесірінен көптеген мешіттер көпшілікке қол жетімді болмады,сол себептен бізге сіздің көмегіңіз қажет болып тұр. Осыған орай құрбанға шалынған малдың етін беруіңізді сұраймыз. Бұл етті қоғам қызметкерлері адрагерлердің үйіне дейін апарып, қолдарына табыс ете алады. Бар мұсылманның сағына күткен қасиетті мерекесі құрбан айт қабыл болсын! Алла Тағала жасаған амалдарыңыз бен дұғаларыңызды қабыл етсін!
Жаңалықтар