«ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қоры

«ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері,
соғыс балалары кеңесі» ҚҚ деген не?

Осыдан 10 жылдай уақыт бұрын – ұжым жұмысы 9-мамыр қарсаңында құттықтау акцияларын ұйымдастыру шараларымен шектелетін. Бірақ, «көш жүре түзеледі» демекші, жылдар өте еріктілер мен қайырымды адамдардың қатысуымен, ҚОР соғыс және еңбек ардагерлері, соғыс балалары мен қарт адамдардың мәселесін шеше алатын қуатты институтқа айналды.

Бүгінде Қор өз мақсаттарын алдыға тартып, ойлары бір жерден шығатын «еріктілер клубын» біріктіріп отыр. Ол топқа ҚАМҚОР көрсетем деген ниеті бар кез-келген адам кіре алады. Ия, осы жылдар ішінде Қор ардагерлерге қамқорлық таныта білетін сәтті орталыққа айналып отыр. Бір сөзбен айтқанда – ардагерлер мен қарт адамдарға қамқорлық көрсететін өзіндік сипаты бар әлеуметтік институтқа айналды. Қордың атқарып отырған жұмысы - мемлекет функциялардың көшірмесі емес, керісінше сол фунцияларды жалғастырып, жандандырып, ерекше нәр береді.

Қазіргі таңда Қор жұмысында бірінші кезекке қойылған стратегиялық мақсаттар айқындалып келеді. Ол әрине, мұқтаж ардагерлер мен жалғызбастыларға қажетті қызмет көрсету жұмыстары. Ал болашақтағы стратегиялық мақсат – қарт адамдарға барынша жылы мейірім көрсету. Мейірім, біздің ұйымдағы адамдардың әрқайсысына тән қасиет. Жүрегі кең адамдар мен еріктілер тобы мүшелерінің мұқтаж адамдарға көмек көрсетсем деген ниеттерінің өзі - жылы мейірімділік емес пе? Осы жерде Қор сондай адамдар мен топтарды үйлестіретін тәжірибелі көмекші ролін атқарады. Жігерлі жастардың талпыныстары мен мәселеге бей-жай қарамайтын адамдардың арқасында «көмек көрсету» күнделікті дағдыға айналып келеді. Жұмыс барысында байқағанымыз, жастары 80-90-нан асқан қарияларға демалыс сағатын ұйымдастырған өте пайдалы екен. Мысалы, жақындары мен өздері қатарлас адамдармен кездестіріп, әңгіме-дүкен құрып, көңілдерін көтеру. Осының бәрі Қор жұмысының арқасында іске асып отыр.

Мереке күндері және басқа да атаулы күндері Қор түскі тамақ ұйымдастырып, демалыс күндері табиғат аясына апарып, қыдырту шараларын жиі ұйымдастырды. Сонымен қатар, үйлеріне ыстық тамақ апарып беру, көңілдерін аулау сияқты басқа да қызметтерді атқарады.

Өкінішке орай, кейбір адамдар, «ардагерлер саны азайды, көбісі жүре алмайды» немесе «соғыс ардагерлері мүлде қалмады» деген лақап сөздерді жиі айтады. Негізінде ол шындыққа жатпайды. Рас, олардың саны күннен-күнге азайып барады, бірақ біздің мақсатымыз – олардың санын санау емес, аз болса да көздерінің тірісінде оларға қамқорлық көрсету, соғыс және тыл ардагерлерінің басын қосып, көңілдерін аулау.
Мақсаттары мен міндеттері
Мұқтаж жандар мен жалғызбасты ардагерлерге қолдау көрсету, ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен соғыс балаларының демалыстары сапалы болу үшін, жағдай жасау.
Қордың миссиясы
Жас ұрпақтың қатысуымен қариялардың ұзақ және жастарына лайық өмір сүруіне, денсаулықтарын жақсартуға күнделікті қолдау көрсету.
Стратегиялық мақсат
Елімізде «қарттарға лайықты өмір» институтын құру, ұрпақтар арасындағы қатынасты сақтау.

Олар бізге бостандық әкелді. Біз оларға үміт сыйлайық!

Бүгін «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері
және соғыс балалары кеңесі» ҚҚ, ол:
  • Жалғызбасты және мұқтаж жандарға көмек көрсету
  • Майдандастары мен достарының ортасында көңілді демалыстар ұйымдастыру
  • Көмекті үйлеріне жеткізіп, әлеуметтік қолдау көрсету
  • Азық-түлік себеттері, дәрі-дәрмек, медициналық кеңес беру
  • Қала ішінде және сыртына шығару, қыдырту
  • Еріктілер торабын дамыту
  • Патриотизмді тәрбиелеу және тарихи құндылықтарды сақтау
  • Соғыс ескерткіштерін сақтауға жағдай жасау
  • «Белгісіз солдат» белгісімен жерленгендерді іздеуге көмектесу, қолдау көрсету
  • Ардагерлер естеліктері мұражайын құру
  • Фотобанк, бейне роликтер мен тарихи бейнежазуларды, деректі фильмдерді түсіру
  • Ардагерлерді моралды және рухани қолдау

Сайтқа кірушілер үшін

Құрметті ардагерлер кеңесі порталына кірушілер. Порталды құру мақсатымыз – еліміздегі ардагерлердің жағдайына назар аударту және де ардагерлерге көмек көрсеткісі келетін жандарды қатарымызға тарту. Ардагерлер мен ҰОС тарихы – ол біздің өміріміздің бір бөлігі. Әрбір үйде соғыс кезіндегі қиын жылдарды көзімен көрген бір адам бар шығар, сол себепті де, өткен отты жылдар – ол біздің тарихымыз, естелігіміз.

Сайт Сіздерге қайтыс болған ардагерлер туралы, соғысқа қатысушалар және олардың бүгінгі өмірі туралы айтқыңыз келсе, мүмкіндік береді. «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қоры осы сайты құрған себебі – Сіздерді өзінің күнделікті тыныс-тіршілігімен таныстыру. Сайтқа кірген әрбір адам өзіне керекті қызықты деректерді табады деген ойдамыз.

Сонымен қатар, ҰОС тарихы туралы, Қазақстаннан аттанған солдаттар туралы және де бүгінгі ардагерлер қандай жағдайда өмір сүріп жатыр – сол жайында біле аласыздар.
Сайтқа кірушілер мұқтаж ардагерлерге қолдау көрсету мүмкіндігін алады, ол үшін «еріктілер клубына» кіріп ерікті болсаңыз жеткілікті.

Сайтта Сіз соғыс және тыл ардагерлеріне байланысты өткізілген барлық акциялар мен шаралардың нәтижесімен таныса аласыз, сонымен қатар Қазақстан ардагерлерінің өміріндегі барлық оқиғаларға куә боласыздар.

Бұл жерде ардагерлер өміріндегі соңғы оқиғалар жиі беріліп тұрады және де ардагерлерге арналып өткізілген шаралар туралы ақпарат жарияланып тұрады. Сайтта күнделікті фотоесеп, өткізілген шаралардың қаржылық есебі және де ардагерлерге жұмсалған қаражат туралы есептер беріліп тұрады.
Сонымен қатар, Сіз бізге жазып, кеңсемізге келіп, мұражаймен танысып, қор жұмысына үлесіңізді қоса аласыз.

Осы сайтты құрудағы негізгі мақсат, ол:


♦ Ұлы Отан соғысы туралы, соғыстағы қазақ солдатының рөлі, ардагерлердің бүгінгі өмірі, олардың неге мұқтаж екендігі, қуаныштары мен қайғылары туралы Интернет желісін пайдаланушыларға ақпарат беру.

♦ Барлақ мұқтаж ардагерлерге барынша нақты көмек көресту мүмкіндіктерін кеңейту

Біздің серіктестер

Сонымен қатар біздің instagram-ға жазылыңыздар