«Ардагер.kz» журналы
Ардагерлер мен Қордың күнделікті жұмысы туралы патриоттық мәні бар журнал. Шығарылым арадагерлер арасында ғана емес, жастар арасында да танымал. Үш бөлімнен тұрады: бүгінгі күн, кешегі күн және болашақ. Бірінші бөлімде біз ардагерлердің бүгінгі күнгі тіршіліктері жайында баяндаймыз. Оларға Қор тарапынан қандай шаралар ұйымдастырылады, солар жайында жазамыз. Екінші бөлімде тарихқа үңілуге мүмкіндік береміз, ардагерлердің жастық шағы, жаумен күрескен кездері, Отан үшін еңбек еткен сәттері. Соңғы бөлім - бүгінгі ұрпақ жайында. Олардың соғысқа деген көз қарасы, Жеңіс жайында және жалынды жастар - еріктілер туралы.